Америкалық ғарыш агенттігі NASA Юпитер ғаламшарының табиғи серігін зерттеу жобасын іске асырмақ. Еуропаны зерттеуге бағытталатын ғарыштық миссияның қашан ұшырылатыны әзірге белгісіз. Дегенмен, ұшырылатын аппарат Еуропаға жетіп, табиғи серікті минимум 45 рет айналып ұшуы тиіс болады.
Ғарыштық экспедицияның басты мақсаты – Еуропаның адам тіршілігі үшін қолайлы болу мүмкіндігін анықтау. Осы межемен жаңа аппарат Еуропа төңірегінде 3 жыл ақпарат жинайды. Айта кетсек, жобаның құрылымына байланысты толық мәлімет жуырда өткізілетін NASA конференциясы аясында талқыланмақ.
Ресми ақпаратқа орай, аталған концеренцияда жаңа ұшырылатын аппаратта қолданылатын 33 түрлі техникалық құралдар танысырылады. Егер NASA жобасы жүзеге асырылатын болса, Europa Clipper атауына ие болатын зымыран алғашқы автономды басқарудағы ғаламшараралық аппарат болмақ.