NASA ғарыш агенттігі 2014 жылға қарай ең үлкен күн желкенін ұшырмақ. Бұл миссия ғарыштық кеңістіктегі аппараттың фотон көмегімен қозғалуын зертеу үшін жасалып отыр. Sunjammer аталған желкеннің қанатын жайғандағы ауданы 1208 ш.м болады. Инженерлер желкен Жерден 3 миллион шақырымға ұзай алады деген сенімде.
Sunjammer - тарихтағы ең алғашқы желкен емес. 2010 жылы NASA мамандары жалпы ауданы 9.3 ш.м болатын NanoSail-D деп аталған кішкене желкенді ұшырған еді. Одан соң Ресей де өзінің желкенін ұшыруға оқталған болатын. Алайда 2005 жылы желкенді орбитаға алып шығуға тиіс зымыран техникалық себептерге байланысты ұшпай қалды.
Сунжаммер желкені полиимидті пленкадан жасалатын болады. Пленканың қалыңдығы бар-жоғы 5 микронды құрайды. Оның жинақталып тұрғандағы көрінісі ыдыс жуатын машинаға ұқсас келеді. Ал салмағы 32 келі болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com