Америкалық NASA ғарыш агенттігі әлемдегі ең қуатты зымыран қозғалтқышын сынап көрді. Бұл қозғалтқыш болашақта алыс ғарыш нысандарын зерттеу үшін және ғарышкерлерді Марсқа жеткізу үшін қолданылмақ. NASA мамандары сәтті аяқталған сынақтың барысын камераға түсіріп алып, YouTube сайтына жүктеді.
Қозғалтқыштың ұзындығы – 54 метр. Тәжірибе АҚШ-тың Юта штатында өтті. Көкке көтерілу кезінде зымыран 1600 тоннаға сай келетін тартылу күшін жеңе алған.
«Сынақтың сәтті өтуі – Space Launch System жобасының үлкен жетістігі. Әлемдегі ең қуатты зымыранды құрастыруға көмектескен 500-ден астам компания алғыс айтамыз», - дейді жоба жетекшілерінің бірі Тодд Мэй.
Сыналған қозғалтқыш Space Launch System жобасы аясындағы алғашқы зымыранды орбитаға жеткізбек. Жаңа технология негізінде жасалған зымыран массасы 130 тоннаға дейін жететін жүктерді ғарышқа алып шығады. Алғашқы старт 2018 жылға жоспарланған.
Сурет: скриншот
Оқи отырыңыз:
АҚШ-тың әскери спутнигі орбитада жарылып кетті
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
Ғалымдар бұрын белгісіз болған Жердің аналогын тапты
Ғалымдар мұнайдың орнын басатын қуат көзін Айдан тапты