Қытайлық Lenovo компаниясы үстіміздегі жылы Windows Phone 8 операциялық жүйесіндегі өздерінің жеке смартфондарын шығаратынын айтты.
Бұл туралы Lenovo компаниясының Mobile Internet and Digital Home (Мобильді және цифрлық интернет) бөлімінің вице-президенті Джей Ди Говард ZDNet Asia баспасына айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Lenovo компаниясы нарықтағы тұтынушылардың ыңғайына қарап жұмыс істейді екен.
Айта кетейік, Windows Phone 8 жүйесіндегі Lenovo компаниясының жеке смартфондары 2013 жылдың сәуір айынан бастап шығуы мүмкін.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: kurs.ru