Қытайлық техника өндіретін Lenovo компаниясы Барселонада өткен Mobile World Congress техникалар жәрмеңкесінде Android жүйесінде жұмыс істейтін үш бірдей планшетті таныстырды.
Бірінші планшет 10 дюймға лайықталған S6000 девайсы. Ал қалған екеуі 7 дюймды A3000 және A1000 планшеттері. Үш девайста Android-тың жаңартылған 4.1 (Jelly Bean) жүйесімен жұмыс істейді. Сатылымға бұл техникалар 2013 жылдың екінші тоқсанынан бастап шығады.
Lenovo S6000 моделі 1280 және 800 нүктеге кеңейтілген 10,1-дюймды IPS-дисплейімен жаңартылған. 1,2 ГГц-ті MediaTek 8389/8125 жүйелік блогы да бар. Сондай-ақ Micro-HDMI порты да қосылған екен. Компания қызметкерлерінің айтуынша, бұл планшеттің қуаттылығы 8 сағатқа жетеді. Ал Lenovo A3000 және A1000 планшеттерінде 7 дюймды IPS дисплей және 1,2 ГГц-ті MediaTek жүйелік блогы бар.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: www.compulenta.ru