Leica компаниясының фотоаппараты 2 миллион долларға сатылды

Leica компаниясының фотоаппараты 2 миллион долларға сатылды

Leica компаниясының 1955 жылы америкалық фотографқа арнап шығарған фотоаппараты Аустрия астанасы Венада өткен аукционда 2 миллион долларға сатылды. Аукцион Westlicht фотогалереясы аясында ұйымдастырылды.   

M3D Leica фотоаппараты белгілі фотограф Дэвид Дугластың жеке тапсырысы бойынша жасалған екен. Дуглас ең алдымен Корея мен Вьетнамдағы соғыс кезінде түсірілген шынайы суреттерімен танымал. Ол сонымен бірге өз заманында атақты суретші Пабло Пикассомен де қызметтес болған екен.   

Фотоаппаратың бастапқы бағасы 386 мың долларды құраған. Leica-дан бөлек, аукционда ғарышты игеру тақырыбындағы алғашқы суреттер де сатылды. NASA түсірген осындай суреттердің бірнешеуі 250 мың, ал КСРО-ның аталған тақырыптағы суреттері 77 мың долларға сатылды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: l-camera-forum.com

Б. Қосмағамбет