Kranium: картоннан жасалған велосипед дулығасы

Корольдік өнер колледжінің студенті Анирудха Сурабхи кәдімгі картоннан жасалған велосипед дулығасын ойлап тапты. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы пенополистиролдан жасалған дулығадан 15%-ға жеңіл әрі соққы энергиясын да үш есе азайтады. Дәл осындай нәтижені неміс зертханасында өткен тест нәтижесі көрсетіп отыр.  

Анирудху Сурабхиге жаңа дулыға жасау идеясы қолданыстағы түрінің әлсіз және сенімсіз болуынан туған екен. Бірде ол өзі жүргізіп келе жатқан велосипедтен құлап, дулыға соққыға шыдамай ортасынан қарс айырылған. Өзі басынан жарақат алған екен. Ол осы жағдайдан соң, міндетті түрде жаңа дулыға жасап шығуға бел буған. 

Картоннан жасалған жаңа дулыға Kranium деген атқа ие болды. Оның құрылымы бал арасының ұясына өте ұқсас келеді. Картонннан жасалғанына қарамастан, ол ылғалға өте төзімді. Kranium нарыққа осы айдың соңында шықпақ. Бағасы әлі белгіленген жоқ. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com