"Kinder Surprise" жайлы 7 дерек

"Kinder Surprise" жайлы 7 дерек

"Kinder Surprise" - алғашында балаларға арнап шығарылған ішінде кішкентай ойыншығы бар жұмыртқа тәрізді кондитерлік шоколад. Ойыншықтар жеке және шақырылған дизайнер арқылы жасалынады. 

1. Шоколадты жұмыртқа "Сыйлықтары" бүкіл әлем халқын 1972 жылдан бері қуантып келеді. Оны ойлап тапқан швейцариялық дизайнер Генри Роттың ойына Киндер Сыйлықтың ішінде болатын ойыншық жасап шығару идеясы келген. 

2. Интернет жүйесінің таралуына байланысты "Kinder Surprise" өндірушілері "Интернет сыйлықты" енгізді. 

3. 2007 жылы ақпан айында eBay аукционында Киндер Сыйлық жұмыртқасынан алынған 90000 мың ойыншық 30000 €-ға сатылды. 

4. Италия мен Испания елдерінде шоколадты жұмыртқаны "Kinder Sorpresa" деп аталады. Германияда - "Kinder Uberraschung", Португалия мен Бразилияда - "Kinder Surpresa" деп аталады. Швеция, Норвегия елдерінде - "Kinderoverraskelse" деп атаса керек. Ал АҚШ-та - "Kinder Surprise" делінеді. 

5. Киндер Сюрпризден басқа "Ferrero" компаниясы кәмпиттер, драже, паста, шоколад шығарады: Ferrero, Raffaello, Fiesta, Nutella, Duplo, Тик-Так және тағы басқалар...

6. Шоколадты жұмыртқа - Киндер Сюрпиздердің АҚШ елінде сатылуына рұқсат жоқ. Себебі 1938 жылғы федералдық заңға сәйкес, азық-түлік ішіне желінбейтін зат қоюға болмайды.   

7. 30 жыл уақыт ішінде шоколадты жұмыртқаның 30 миллиард данасы сатылған. 

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM