- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Instagram тәбетті бұзады...
Instagram тәбетті бұзады
Әлеуметтік желілердің төресіне айналып үлгерген Instagram-ға қолданушылардың көпшілігі өздерінің таңғы, түскі, кешкі астарын салып әдеттенген. Білесіз бе, осындай суреттерді жиі қарайтын адамдар артық салмақтан арыла алады.
Юта штатындағы Бригама Янга Университетінің ғалымдары желідегі тағамның суреттері адамның тәбетін өлтіріп, тағамнан бас тартуға әкеліп соқтыратындығын дәлелдеді. Өздерінің тәжірибелік жұмыстарын «Journal of Consumer Psychology» журналына жариялаған.
Райан Элдер және Джефф Ларсон бастаған ғалымдар тобының жұмысына 232 ерікті қатысқан. Қатысушылардың жартысы шоколад, торт, бәліш сынды тәттілерді қараса, қалғаны тұзды: картоп қытырлағы, крекер, чипсы секілді тағамдарды көрген. Содан кейін олар тұзды жаңғақтарды жеп, баға беру керек болатын. Тәттілер түсірілген суретті қарағандарға жаңғақ көбірек ұнайды да, тұзды тағам суреттері тапсырылғандар үзілді-кесілді бас тартқан.
"Егер сіз тағамнан максималды әсе алғыңыз келсе, Instagram-дағы немесе басқа ғаламтор беттеріндегі суреттерге аз қараңыз, тіпті, тәбетті ашып тұрса да, бас тартыңыз. Ал тәтті жеу әдетінен арылғыңыз келсе, ондай суреттерге жиі қараңыз", – деп кеңес береді Джефф Ларсон. Ал Райан Элдер оны қолдап отыр.
Сіз ғалымдардың тұжырымына не айтасыз?
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com