Тұрмыста техникалық жабдықтар мен электроника жасайтын "Hitachi Ltd" орталығы ақпараттарды "мәңгілік" сақтаудың жолын тапқан көрінеді. Яғни оптикалық шыныдан гөрі кварц әйнектері әлдеқайда пайдалы деген сөз. РИА Жаңалықтар осылай деп хабарлайды.
"Таспен қашап жазғалы адамзат баласы қаншама тарихи ашылымдар мен жаңалықтардың куәсі болды. Міне бүгін технологияның қарыштап дамыған заманында ақпараттар ағымын сақтап отыру қиындық туғызуда. Сол үшін де болар, жаңа бастамаларға барып отырмыз" - деп компанияның белді маманы Кадзуеси Тори айта кетті.
Бинарлық кодтың арқасында лазермен жазылатын кварц шынысы ақпараттарды ұзақ уақыт аралығында сақтай алады. Өйткені, кварц шынысы 1000 градус Цельси температурада міз бақпай тұра берсе, химиялық реакцияларға оңайлықпен бой алдырмайды.
Айта кететін болсақ, кварц шынылары ғылыми зертханаларда ыдыстар мен құтылар жасауда қолданылады.
Аталған компания қалыңдығы екі миллиметрлік екі де екі сантиметр пластинканы алғашқы үлгі есебінде жасап шығарды. Және осындай бір пластинкаға 25 мегабайттық ақпарат сия алады.
Бүгінгі таңда компания пластинканың сақтау жадысын көбейту үшін жаңа бастамаларға барып отыр. Қалыңдықты арттырған сайын, жады да күшейе түспек.
Дайындаған: Фараби Бақыт