Google сөйлейтін аяқ киім жасады

Google сөйлейтін аяқ киім жасады

Google компаниясы Adidas-пен бірлесе отырып сөйлейтін кроссовкалар жасап шығарды. Аяқ киім динамик, кіріктірме компьютер, акселерометр, гироскоп және де қысым тетігі секілді құрылғылармен жабдықталған. 

Бұл аяқ киім адамның жүргенін анықтай алады. Жөнге қалай келтіргеніне байланысты олар өз иесін түрлі бұйрықтармен жігерлендіріп, не болмаса жай ғана айтқан әңгімесімен қуанта алады. Аталған аяқ киім өткен аптада Техас штаты, Остин қаласында өткен South by Southwest Festival аясында таныстырылған болатын. 

Кроссовкалар интернетке ұялы телефон арқылы қосылуға арналған Bluetooth технологиясын қолдайды. Сонымен қатар, аяқ киім Google жасаған бағдарламалардың бірін қолдана отырып өз иесіне қазіргі уақытта қай жерде екенін және қай бағытта кетіп бара жатқандығы жайлы ақпарат ұсына алады. Бірақ, сөйлейтін аяқ киімдерді түрлі мақсатта қолданатынына қарамастан, компания оларды нарыққа шығарудан бас тартып отыр. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vk.com

Ж. FM