Google компаниясы интернет қолданушыларға Марс планетасын зерттеу мүмкіндігін ұсынып отыр. Қызыл планетаның картасын бірнеше режимде көруге болады. Сонымен қатар, картада ғарыш кемелерінің орналасқан жері, таулар, кратерлер және де планетаның басқа да ерекшеліктері жалаушалармен көрсетілген.
Кез келген жалаушаны басқан кезде, ағылшын тіліндегі түсіндірме мақалаға берілген сілтеме мен кесте пайда болады және де рельефке байланысты фотосуреттер де көрінеді.
Әзірге ресурстың жұмысын оңтайлы деуге келмейді. Әсіресе кейбір сілтемелер мүлдем жоқ материалдарға бағыттайды. Ал фотосуреттерді көру кезінде белгілі бір уақыт сайын парақшаны ашу қиындықтары туындап тұрады.
Болашақта алдын алуға болатын болар-болмас ахауларға қарамастан, ғарыш кеңістігін зерттеуді құмартатындардың осыған да көңілі толатындары сөзсіз.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: google.com