Google+ әлемдегі екінші әлеуметтік желі атанды

Google+ әлемдегі екінші әлеуметтік желі атанды

Әлемдік нарықты зерттеумен айналысатын "Trendstream" деп аталатын британдық компания Global Web Index атты әлеуметтік желілерге қатысты есебін жариялады. Ондағы мәліметтер бойынша, Google+ әлеуметтік желісі әлемде қолданылуы жағынан екінші орынға көтерілген. Ал YouTube пен Twitter сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасқан. Әзірге көшбасшылықты Facebook ешкімге берер емес.  

2012 жылдың желтоқсан айында Facebook-тің белсенді қолданушылар саны 693 миллион адамға жеткен еді. Ол кезде Google+ әлеуметтік желісін 343 миллион белсенді қолданушы пайдаланған екен. Ал әлем бойынша әлеуметтік желілерді қолданушылардың көпшілігі Қытайда тұратын болып шықты. 

ТМД елдері арасындағы кең қолданысқа ие болған Vkontakte мен Odnoklassniki 21-ші және 24-ші орындарға тұрақтапты.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: social-networking.ru 

Б. Қосмағамбет