Google 82 миллионға әуежай салмақ

Google компаниясы жеке әуежайын соғуды жоспарлауда. Ол Калифорния штаты, Сан-Хосе қаласында орналасып, 29 акр жерді алатын болады. Аталған жоба 82 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр. Жоба қазір қадағалау инстанцияларында тексеруден өтіп жатыр. Әуежай құрылысын жүзеге асырумен екі жеке меншік компания айналысатын болады: Blue City Holdings және Signature Aviation.

San Jose Mercury News баспасының ақпаратына сүйенер болсақ, Google-дің кем дегенде 8 ұшағы бар көрінеді, соның ішінде жолаушы ұшақ Boeing 767. Оның иесі Google компаниясының негізін құраушылардың бірі - Сергей Брин.

Сан-Хосе муниципалдық әуежайдың өкілдері жергілікті билік өкілдеріне жобаның қала экономикасына оң нәтиже беріп, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкелетінін айту арқылы Google-дің жобасына рұқсат беруді ұсынып отыр.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: tech.onliner.by