Google: 2013 жылы ең көп ізделген сауалдар

Амит Сингал, аға вице-президент, Google компаниясының құрметті қызметкері өткен жылды қорытындылап, әлем бойынша Google қолданушыларын не толғандырғанын саралап көрген екен...

Әлем бойынша күнделікті адамдар түрлі сұрақтарға жауап іздейді. Сіз бүгін қандай сауал тастадыңыз? Бәлкім, сүйікті актеріңіз жайлы жаңалықтарды іздеген шығарсыз, әлде жаңа жылдық сыйлықтар жайлы ма, немесе авокадоның құнарлылығын білгіңіз келген шығар?

Іздеу құралдары адамдарды шынайы өмірде не толғандыратынын көрсетеді. Сондықтан жыл соңында дәстүрлі түрде Google Zeitgeist жобасының көмегімен ең танымал сауалдар шеруін ұсынады. Әдетте біз сауалдарды бірнеше бағыт бойынша – адамдар, орындар және оқиғалар деп бөліп, әлем бойынша қолданушыларымызды не қызықтырғанын саралайтынбыз. Осы жылы бәрін қамтыған Zeitgeist-тің тұсауын кестік.

2014 жылдың қарсаңында өткен он екі айдың басты оқиғаларын еске алып, арнайы жасаған бейнеролигімізді тамашалауға ұсынамыз.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Lv-sY_z8MNs","width":"450","height":"338"});

2013 жылы Нельсон Мандела жайлы әлем бойынша ең көп сауал тасталғаны таңғаларлық жайт емес шығар. Қолданушылар жыл бойы Оңтүстік Африканың бұрынғы президентіне үлкен қызығушылық танытты және ол қайтыс болғанда, әлемнің түкпір түкпірінен адамдар Google-ге сүйеніп, Мадиба мұрасының өмірі жайлы толығырақ білгілері келді.

Осы жылы болған Бостондағы жарылыс пен Флиппиндегі табиғи апат та қолданушыларымызды бейжай қалдырмады. Әлем бойынша көптеген адам табиғи апаттан зардап шеккендерге көмектескісі келіп, «Филиппиндіктерге қамқорлық» деген сауалдар тастады.

2013 жылы бір орында отыру сізге қиынға соққан шығар? Harlem Shake бейнебаяны YouTube-ті "жарды", ал 1,7 миллион көрілім біздің рейтингте бесінші орынға жайғасуына мүмкіндік берді. YouTube-тің өзінде бұл ролик танымалдылығы жағынан екінші орын алды. Білімпаз қолданушылар «тверкинг деген не?» деп қызығушылық танытты – сәйкесінше категорияда ол көшбасшы орынға жайғасты.

Міне, біздің 2013 жылы ең көп танымалдылыққа ие болған сауалдар ондығы:

1. Нельсон Мандела (Nelson Mandela)
2. Пол Уокер (Paul Walker)
3. iPhone 5s
4. Кори Монтейт (Cory Monteith)
5. Harlem Shake
6. Бостондық марафон (Boston Marathon)
7. Тақ мұрагерлері (Royal baby)
8. Samsung Galaxy 4s
9. PlayStation 4
10. Солтүстік Корея (North Korea)

Дүниежүзілік жұртшылықты толғандырғандай, ресейліктерді де Пол Уокердің қайғылы өлімі күйзелтті. «Форсаж» фильмдер желісінде ойнаған актер 40 жасында автомобиль апатынан қайтыс болды. Жыл өткен сайын Евровидение музыкалық байқауына деген қызығушылық ортаймай келеді. Былтырғы жылдай, ол қолданушылардың тез өсетін сауалы ретінде ондыққа кірді, сонымен қатар «оқиғалар» рейтингісінде бірінші орында. Челябинскке метеориттің құлауы тура және ауыспалы мағынада да көп шу тудырды. Айтпақшы, оның құлаған сәтін жазып алған бейнетіркеушінің жазбасын 10 миллионнан астам адам тамашалаған.

Ресейлік қолданушылардың ең тез өскіш сауалдар ондығы:

1. Пол Уокер
2. Вк вход
3. Евровидение 2013
4. Молодежка
5. Метеорит в Челябинске
6. Железный человек 3
7. Андрей Панин
8. Инстаграм
9. Форсаж 6
10. ios7

«Тұлға» категориясына бірден төрт актер кірген – қайтыс болған Пол Уокер мен Андрей Паниннен өзге, рейтингте Максим Виторган мен Алексей Воробьев бой көрсетті. Жылдың аты шулы кинопремьералары («Легенда № 17» фильмі, «Анна Герман» телехикаясы) әнші Анна Герман мен хоккеист Валерий Харламов сынды тұлғаларға қолданушылардың қызығушылығын арттырды. Бір қызығы, «Тұлға» категориясына бірде-бір саясаткер кірмеген.

Бірақ соған қарамастан, «Мәскеу мэрын сайлау» біраз ресейліктерді дүрліктірді – «оқиғалар» рейтингінде сауал тоғызыншы орынға жайғасты. Ресейде әдеттегідей спорттық жарыстар жоғары сұранысқа ие. «Кличко поветкин» және «универсиада» сауалдары сол категорияның үшінші және төртінші сатысына орналасты.

Осы жылдың ең танымал сауалдарымен Zeitgeist бетшесінде таныса аласыздар. Осы жылғы ең танымал жүздікке қандай сауалдар кіргенін біліңіз немесе Google Тренд жобасындағы жаңалықтармен танысыңыз. Ал егер өткен шақты еске түсіргіңіз келсе, Zeitgeist архивіне хош келдіңіз. Онда сіз 2001 жылға дейін ең танымал сауалдар статистикасымен таныса аласыз.

Бұдан басқа, біз интерактивті 3D-карта жасадық. Онда 2013 жылы әр күн сайын әр қалада нені көп іздегенін қарауға болады. Глобусты айналдырып, тиісті қаланы табыңыз да, өткен жылдың нақты бір күнінде сол қаланың тұрғындарын не қызықтырғанын біліңіз.

Біз сіздерге өткен жыл несімен есте қалғандығы жайлы баяндадық. Бірақ әрдайым, қорытынды жасаған сайын, әлемді келер жылы не толғандыратыны да ойландырады. 2014 жыл несімен есте қалады? Бірге сауал тастайық?

Сурет: life24.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина