Google өткен жылы өз тарихындағы ең жоғары көлемде пайда түсірді.
Agence France-Presse сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, өткен жылы интернет алыптың пайдасы 50,2 миллиард долларға жеткен екен. Бұл 2011 жылғы компанияның табысына қарағанда 32%-ға көп деген сөз.
Ал Google-дің есеп беруінен анық болғандай, компания 31 желтоқсанда аяқталған соңғы маусымда 2,89 миллиард долларға кенелген. Бұл 2011 жылдың соңғы кварталына қарағанда 6,7% көп.
Bloomberg басылымының айтуынша, Google компаниясының мұнша табыс табуын АҚШ жерінде мобильді интернеттің қарқынды дамуымен байланыстырады. Бұл сала бойынша Google өткен жылғы табыстарының 41% тапқан.
Айта кетейік, Google компаниясының негізі 1998 жылы қаланған. 2004 жылы 1,9 миллиард доллар тұратын IPO сатып алған. Бүгінде бұл компания интернет қолданушылар нарығының 80% жаулап алған.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: km.ru