Fujitsu компаниясы интерактивтілік элементтерін мәтін жазылған қағазға ендіруге болатын технологияны жасап шықты.
Fujitsu жасаған жүйе проектор, веб-камера, компьютер және суретті өңдейтін бағдарламалық қамсыздандыруды қамтиды. Камера қағаз бетінде қолданушы қолының қозғалуын қадағалайды.
Аталған жүйенің көмегімен қолданушы біріншіден, мағлұматтарды қағаз құжаттан импорттай алады. Саусақпен белгіленген мәтін немесе сурет компьютерге жіберіледі. Екіншіден, проектор арқылы қағазға мәтінге байланысты қандай да бір қосымша ақпарат жіберіледі. Мысалы, сурет немесе видеоролик.
Жүйе әзірге тек бір саусақтың қимылына әсер етеді.
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/I2l0qklSzks?hl=ru_RU","width":"450","height":"320"});
Жүйе авторлары әзірге тек алдын ала нұсқасын шығарып отыр, ал көпшілік қолданысқа 2014 жылы шығару жоспарланған.
Fujitsu қорында шынайы өмірдегі заттарға интерактив қосуға байланысты басқа жобалар да бар. Мәселен, компания «пернесіз пернатақта» жобасын іске асыруда: қолданушы үстел үстінде саусақтарымен әріп тергендей болады, сол арқылы камера саусақ қимылын бақыласа, ал компьютер сол қимылдарды пернетақтадағы пернелердің орналасуымен сәйкестендіреді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: lenta.ru, alcatelmove.blogspot.com