Facebook әлеуметтік желісінде "Dislike" ("Ұнамады") батырмасы бар вирус-спам пайда болды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Желі беттерінде қолданушылардың достарының атынан: "Facebook now has a dislike button! Click 'Enable Dislike Button' to turn on the new feature! Currently enabled by 2,921,784 Users!" деген хабарлама пайда болады. Сөйлем соңында "Like" ("Ұнады"), "Comment" ("Пікір қалдыру") опцияларымен қатар, үшінші батырма "Enable Dislike Button" ("Ұнамады" батырмасын қосу) опциясы бар. Соңғы батырманы басқандарды зиянды скрипті бар The Lyed To Me сайтына лақтырады.
Facebook 600 миллионнан астам қолданушыны астына біріктіріп отырған әлемдік әлеуметтік желі. 2004 жылы іске кіріскен желінің иесі миллиардер Марк Цукерберг.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: digitaltrends.com