FBI жатпланеталықтар туралы құпияны ашты

FBI өкілдері көп уақыт бойы жатпланеталықтар туралы зерттеулерін жарияламай келген болатын. Ведомствода жазылғандай, өзге ғаламшар обьектілері қандай да бір нұсқаларда айтылып, көрсетілсе де дәлелсіз қалып отыр екен.

FBI ресми сайтында 1950 жылы 4 ай бойы зерттеу жүргізілгендігі туралы мәлімет берілген. Анықталғандай, өзге «адамдар» туралы оқиғалардың барлығы да тек адам қиялының жемісі болып табылған. Мәселен, Розуэлльде болған жағдайды баяндаған жергілікті тұрғын ешқандай дәлелсіз сөйлегені үшін жауапқа тартылған.

«Хотелл есебі» оқиғасына арнайы 1950 жылы рапорт толтырылған. Онда FBI қызметкері Джон Хоттел 1947 жылы Нью-Мексико маңында үш бірдей жат ғаламшар обьектісі жерге құлап түскен деп жазады. «Розуэлль оқиғасы» аталып кеткен осы жағдайды Джон АҚШ-тың ВВС қызметкерінің аузынан жазып алған екен. Оның аты әлі күнге белгісіз күйінде қалуда.

Құжатта көрсетілгендей, шеңбер тәрізді үш белгісіз обьекттің диаметрі 15 метрден асып кеткен. Ал әр ұшатын аппараттың ішінен үш-үштен гуманоид шығыпты. Олар темірден жасалған киімде болған көрінеді. Олардың бойы бір метрден аспаған деп көрсетеді белгісіз қызметкер. Олардың аспаннан құлап түсуінің басты себебі Нью-Мексикода орнатылған аса қуатты радардың сәулесі екен.

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: paranormalno.ru