- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Cоңғы кадр...
Cоңғы кадр
Аты бүкіл дүниежүзіне әйгілі фото құрылғыларды шығаратын "Истман Кодак" компаниясы жақында өз активтерін несие берушілерден қорғау мақсатында, сотқа құжаттар тапсырып, өз мүддесін қорғауды сұраған. Осылайша, 131 жыл тарихы бар компанияға банкрот болуға бір қадам қалды. Компанияның кірісі 5,1 млрд долларды құраса, қарызы әлдеқайда көп - 6,8 млрд. Торонто қаласында орналасқан Райерсон университетінің профессоры Роберт Берклидің пайымдауынша, компания фотоқұрылғылар бизнесіндегі заман талабына сай сұраныстарға бейімделе алмағандықтан, осындай жағдайға тап болды. Сарапшының пайымдауынша "Кодак компаниясы өткен заманда батып қалған".
«Истман Кодак» компаниясын 1881 жылы өнертапқыш Джордж Истман мен бизнесмен Генри Стронг Нью-Йорк Штатында орналасқан Рочестер қаласында құрған. "Кодак" сапалы фото құрылғылар жасағанымен, компания 2004 жылдан бастап сандық технологияларға көшуді жөн көріп, жаңа бизнес жобаны қолдау мақсатында бұл технологиялардың дамуына қомақты қаражат бөлген. Бірақ компания сандық фото құрылғылар нарығында үлкен қысымға түсіп, өзге компаниялармен бәсекелесе алмады.
Сурет itar-tass.com сайтынан алынды.