Apple компаниясының бас директоры Тим Кук ағымдағы жылы бар болғаны 1,4 миллион доллар жалақы мен 2,8 миллион доллар бонус алатын болды. Бұл дегеніңіз өткен жылмен салыстырғанда шамамен 100 есеге аз деген сөз. Apple ол кезде Кукке 378 миллион доллар төлеген еді. Осы соманың тек қана 900 мың доллары ғана жалақы есебінен төленсе, қалғаны пайдадан түскен таза бонустар.
Ал осы жылы компания оның жалақысын көтерсе де, бонусы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда аз.
Есесіне компанияның басқа басшыларының қалталары едәуір қалыңдайтын болды. Мысалы, технологиялар бойынша аға вице-президент Боб Мэнсфилд 86 миллион доллар алса, компанияның қаржы директоры Питер Оппенгеймерге 68,6 миллион доллар бұйыратын екен.
Айта кетейік, Apple қазіргі кезде нарықтағы ең қымбат компаниялардың бірі. Оның 100% акциясы 600 миллиард доллар тұрады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: planetiphone.ru