- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Apple - әлемдегі...
Apple - әлемдегі ең бай бренд
Forbes журналы әлемдегі ең бай әрі танымал брендтердің тізімін жариялады. Көшті Apple бастап тұр.
Америкалық журналдың мәліметі бойынша, Apple брендінің құны $104,3 миллиард долларды құрап отыр. Тізімді бастаған брендке 2012 жылғы бағаның 45 пайызға құлдырауы да әсер ете қоймады (Оңтүстік Кореялық Samsung брендінің өсуі әсерінен). Өткен жылмен салыстырғанда Apple компаниясының жылдық табысы 20 пайызға жоғарылаған.
Екінші орынды Microsoft бренды иеленіп отыр. Forbes журналы брендтің құнын $56,7 миллиард долларға бағалаған. Microsoft соңғы үш жылда рейтингте тұрақтылық сақтап келеді. Өткен жылмен салыстырғанда брендтің жылдық табысы 4 пайызға өскен.
Алғашқы үштікті Coca-Cola бренді қорытындылап тұр. Брендтің құны $54,9 миллиард долларға бағалануда. Өткен жылы Interbrand рейтингі бойынша алғашқы орынды иеленген Coca-Cola-ның жылдық табысы 9 пайызға жоғарылаған.
Назарларыңызға 2013 жылдың ең бай танымал брендтерінің ондығын ұсынамыз:
1. Apple ($104,3 миллиард доллар)
2. Microsoft ($56,7 миллиард доллар)
3. Coca-Cola ($54,9 миллиард доллар)
4. IBM ($50,7 миллиард доллар)
5. Google ($47,3 миллиард доллар)
6. McDonald's (($39,4 миллиард доллар)
7. General Electric ($34,2 миллиард доллар)
8. Intel ($28,4 миллиард доллар)
9. Samsung ($29,5 миллиард доллар)
10. Louis Vuitton ($28,4 миллиард доллар)
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: tert.am, vk.com
О. Сансызбай