Миссури университетінің ғалымдарының пікірінше еріншектік ген арқылы ұрпаққа да беріледі.
Қос зерттеуші Фрэнк Бут пен Майкл Робертс егеуқұйрықтарды көбейтіп, олардың ұрпақтарып айналмалы дөңгелегі бар жәшікке салып, олардың қаншалықты ықыласпен жүгіретіндігін зерттеген.
Содан соң бұл тәжірибе 26 еріншек және 26 еңбекқор егеуқұйрықтардың ұрпақтарына жүргізілген. Он ұрпақ ауысқаннан кейін "еңбекқор" егеуқұйрықтардың ұрпақтары "еріншектердің" ұрпақтарына қарағанда 10 есе тез жүгіретіндігі анықталды.
Ғалымдар бұл заң тек егеуқұйрықтарға ғана емес, адамдарға да қатысты деп ойлайды. Зерттеушілер болашақта дәл осы еріншектікке әсер ететін гендерді анықтап, ғылыми жұмыстарын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.
"Біз адамдардың еріншек болуы генінің ерекшелігіне байласынты екендігін дәлелдедік. Бұл жаңалық семірудің басты себептерін анықтау жолындағы маңызды қадам деп ойлаймыз. Адамның еріншектікке бейім болған сайын оның тез семіріп кетуінің де ықтималдылығы жоғары болады", - деді берген сұхбатында Бут.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: stellakhegay.ru