9 жасар бала Microsoft компаниясының ең жас қызметкері атанды

9 жасар бала Microsoft компаниясының ең жас қызметкері атанды

Үндістанның 9 жасар тұрғыны Пранав Кальян Microsoft компаниясынан ресми түрде сенімхат алған ең жас қызметкер атанды.

Пранав жас кезінен бастап ойыншықтарға қарағанда, компьютерге көп қызықты. Ол өзінің жеке бағдарламасын бар болғаны алты жасында ойлап тапты. Қазірде ұлым басқа да бағдарламалар жасау үстінде”, - дейді Пранав Кальянның әкесі.

Өз кезегінде жас вундеркинд Times of India журналына телефон арқылы берген сұхбатында: “Компьютерлер әлеміне бар болғаны екі жасымда кіріп кеткенмін”,- дейді. Сондай-ақ Microsoft компаниясының ресми сенімхатын алу үшін күніне 8 сағат дайындалғанын да айтқан.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін компанияның ең жас қызметкері Дубай қаласының 12 жасар тұрғыны Бабар Икбалу болған екен. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: blogidol.ca 

Ю. НИКУЛЛИН