- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- 500 мыңға жуық...
500 мыңға жуық адам "Еңбек бағдарламасына" қатысқан
9 ай ішінде еліміздегі "Еңбек" бағдарламасына 494 мың адам қатысқан. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
«23 қазанға дейін Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде жобалардың 63%-ы, яғни 4152 жоба аяқталды. Жобаның басым саны аяқталған өңірлер – Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары. Алматы, Атырау облыстарында, Нұр-Сұлтанда 80%-дан жоба жалғасып келеді. Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларының дер кезінде және сапалы аяқталуы – халықтың өмір сүру сапасына байланысты дағдарыстан дамуға қарай жағдай жасау керегін еске саламыз», - деді министр.
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша халықты жұмыспен қамту мәселесінде «Еңбек» бағдарламасы да өз үлесін қосып жатыр. «9 айда бағдарламаға 494 мың адам қатысты. Оның ішінде 190 мың жұмыссыз азаматқа жұмыс табылды. Ал 304 мың адамның өтініші бойынша вакансия іздеу жүріп жатыр. Оның ішінде 68 мың адам кәсіпкерлік негіздері білімін алды. 39 мыңнан астам адам жеңілдетілген шағын несие мен грант бойынша қолдау алып, қосымша 10 200 жаңа жұмыс орнына орналасты. 195 мыңы субсидияланған ажұмыспен қамтылды», - деді министр.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы 2017–2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған. Бағдарламаның басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Мақсатқа жету жолында мына міндеттер орындалуы керек: Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, еңбек нарығында сұранысқа ие білік пен дағды бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау. Сонымен қатар, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микронесие беруді кеңейту және берілетін кредиттерді/микрокредиттерді кепілдендіру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, халықты жұмыспен қамтуға көмектесу және жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту, "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру керек.