3D киноны қалай көзілдіріксіз көруге болады?

3D киноны қалай көзілдіріксіз көруге болады?

Жалпы әлем көлемді келеді... Бұған себеп, біздің оң және сол көзіміздің бір объектіні әр нүктеден әр түрлі көруінде. Бір қызықтыратын жайт күнделікті теледидар алдында кино көргенде, неге бұл эффект байқалмайды?

Себебі көлемді бейне иллюзиясы пайда болу үшін оң және сол көз әр түрлі бейне көруі қажет. Және ондай эффектке қол жеткізудің екі жолы бар.

Бірінші тәсіл түрлі бағыттарға тербелетін электромагниттік толқынға яғни сәулеге негізделген (мысалы көлденең немесе тік). Мұндай жағдайда, сәуле (жарық) тігінен немесе көлденеңінен поляризацияланған дейді. Және де бір толқынды өткізіп, келесісін өткізбейтін арнаулы поляризатор-қабықшалар да бар. Осылай киноэкран алдына екі проектор қойылады. Екі проектор да бір фильмді көрсетіп жатқандай болады, бірақ негізі кино екі түрлі нүктеден түсірілген. Сонымен бірге бір проектор сәулені көлденеңінен түсірсе, екіншісі тік поляризацияланған күйде түсіреді.

Кинотеатрға келген көрермендер екі поляризатордан тұратын көзілдірік тағады (олардың бірі тік болса, екіншісі көлденеңінен бағдарланған). Нәтижесінде көрушінің көздері әр түрлі проекторлардан яғни әр түрлі нүктеден түсірілген бейнені көреді. Бір қызығы аталған көзілдірікті киіп отырып, басты оң жақ немесе сол жақ қырға қисайтса, поляроид бағдары өзгеріп, екі көзде екі түрлі көрініс пайда болады.

Көлемді бейне көрудің келесі әдісі біршама қиын. Адам көзінде түс ажыратуға арналған жарықсезгіш жасушалардың бар болғаны үш түрі ғана бар: біріншісі қызылды, екіншісі жасылды, үшіншісі көк түсті ғана көреді. Ал қызыл мен жасыл түстің қоспасы сары түстің әсерін береді. Жалпы осындай қоспа жасаумен 3D кино авторлары айналысады.

Білетініміздей түстер әр түрлі реңкте болады. Жасыл түс сарыға жақындау я болмаса көкшілге жақындау келеді. Және осыған сәйкес 3D кино проекторларына бейне жасау үшін оң көзге қызыл, жасыл, көк түс реңктерін пайдаланылса, басқа реңктер сол көзге қолданылады.

Нәтижесінде кино көрермендері түрлі жарық сүзгілері бар көзілдірік киюге мәжбүр болады. Оң жарық сүзгісі оң көзге керекті түстерді өткізсе, сол көзге қажеттілерін көзілдіріктен өткізбейді, ал сол көзге - керісінше.

Және де 3D форматта кино көрудің үшінші жолы да бар. Аталған тәсілде көзілдіріктің мүлдем қажеті жоқ. Көзілідіріктің орнына оң және сол самайға тоқ жіберілетін электрод бекітіледі. Істің мәні - әр көз өз спектрін көру үшін көзді алма-кезек ашып-жұмғызу. Бұл әдістің авторларының бірі, Пудриер анимация мектебінде сабақ беретін  Франсуа Вожель мұны "көзілдіріксіз 3D" деп атайды.

Сурет: theoryanfpractice.ru 

Ж. FM