Ғалымдардың хабарлауынша, 26 қаңтар күні ғарыштың табиғи нысаны Жерге жақын ұшып өтеді. Бұл туралы NASA ғарыштық агенттігі хабарлап отыр. Дегенмен Жерге қаупі туралы үрейленудің қажеті жоқ. Себебі астероидтың траекториясы Жерге қауіп төнбейтін қашықтықта жатыр.
NASA агенттігінің ресми сайтындағы ақпаратқа орай, астероид Жерге 1,2 миллион километрге дейін жақындай түседі. Бұл Ай мен Жер арақашықтығының үшеуіне тең.
Ғалымдар өте жылдам қозғалып келе жатқан ғарыштағы тастың Күннен шағылатын сәулесіне қарап оның көлемін анықтады. Астероидтың ең жалпақ беті 0,5 километрге тең екен. Бұл Жер тарихындағы ең жақын ұшқан астероидтардың ең үлкені болмақ.
2004 BL86 деп аталған астероид астрономдар берген атақты көпке дейін иемденбейді. Себебі 2027 жылға қарай Жерге жақын ұшатын 1999 AN10 астероиды келе жатқан тастан 4 есе үлкен.
Жерге жақын кеңістіктен өтетін ғарыш тасын алғаш болып 2004 жылдың 30 қаңтарында АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Линкольн телескоптық зертханасының мамандары байқаған болатын. Ғалымдар астероидтың бағытын нақты зерттеуге жеткілікті уақыты болғанын айтады. Оның келесі рет жақындауы бірнеше ғасырдан кейін орын алады.
Сурет: www.nbcnews.com
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар қоғамға арнап ашық хат жазды
2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар
Туристерге арналған ғарыш кемесі құрастырылды
Ғалымдар бұрын белгісіз болған Жердің аналогын тапты
Айдың екінші жартысына ешқашан жарық түспейді