- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- 2065 жылы Facebook...
2065 жылы Facebook "Өлілер әлеміне" айналуы мүмкін
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерге тіркелушілердің қарасы сәт санап көбейіп келеді. Өздеріне «екінші әлемін» ашуға асыққан адамдардың санында шек жоқ. Алайда уақыт өте келе қарыштап дамып келе жатқан әлеуметтік желі қолданушыларының да бір күні «мәңгілік мекенге» аттанары анық. Осыны ескерген xkcd комикс авторлары 2065 жылы Facebook әлеуметтік желісіндегі қолданушыларының тірісінен дүниеден өткені көп болады деп хабарлап отыр.
Мұндай ақпаратты таратушылардың мәліметі төмендегі аспектілерді басты назарға алып ұсынылған:
- Кез келген әлеуметтік желі уақыт өте келе қызықсыз болып, қолданыстан қала бастайды. Қызығушылық төмендейді. Жаңа желілер қызықтыра түседі.
- 2000-2020 жылдары жоғарғы білім алып, қоғамның жеке тұлғасына айналған жастар мен ересектер қартайып, сирей түседі. Ал дәл қазіргі таңда Facebook белсенділерінің қатары осы жылдардағы адамдардың иелігінде.
- Әр жеті жыл сайын адамдардың дүниеден өту деңгейі 2 есе өсіп келеді. Ал Facebook әлеуметтік желісіне тіркелушілер бұл деңгейге жауап берердей көбейе түспесі анық.
Дәл қазіргі уақытта Facebook әлеуметтік желісіне 20 миллиондай адам тіркелген көрінеді. Алайда 2013 жылдың басынан алып есептегенде Марк Цукерберг ойлап тапқан әлеуметтік желінің бірнеше миллион пайдаланушысы өмірден өткен. Осының барлығын назарға алған зерттеушілер 2065 жылы Facebook қолданушыларының тірісінен дүниеден өткені көп болады деген тоқтамға келген.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
О. Сансызбай