- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- 2019 жылы жойылған...
2019 жылы жойылған жануарлар
Жыл аяғына таман міндетті түрде қорытындылау жұмыстары болады. Бірі тек жақсы жаңалықтармен бөліссе, енді бірі сәтсіз оқиғаларды да еске алады. 2019 жыл Жер ғаламшарынан кем дегенде төрт жануар түрі жойылған.
1. Жағалау маңын мекендейтін тышқан
Аустралияның Брамбл-Кэй аралын мекендейтін тышқан түрлері 2019 жылдың ақпан айында ресми түрде жойылып кеткен жануарлар тізіміне енген еді. Бұл — антропогендік климат өзгерісі әсерінен қырылып қалған алғашқы сүтқоректі.
2. Суматралық мүйізтұмсық (аймақтық жойылу)
Қараша айында Борнео қорығында 25-жастағы Иман есімді суматралық мүйізтұмсықтың аналығы өліп қалған болатын. Бұл – Малайзиядағы мүйізтұмсық тұқымдасының соңғы өкілі. Ғалымдар Индонезияда 30-80 жуық түрі қалды деп есептейді.
3. Гавай ұлуы — Achatinella apexfulva
Ғалымдар тапқан соңғы ұлуы 2019 жылдың жаңа жылында өлген болатын. Соңғы 20 жыл бойына ғалымдар бұл ұлудың өзге түрлерін іздегенмен, барлық зерттеу жұмысы сәтсіз аяқталды. Олардың жойылуына себеп – Гавай штатының ауыл шаруашылығына көңіл бөлуі. Олар өсімдіктерді жейтін жәндіктермен күресу үшін жабайы әрі жыртқыш Euglandina roseа түрне жататын ұлуды алып келген. Олар тек жәндіктерді ғана емес, Achatinella apexfulva тұқымын да құртып жіберген.
4. Багам көктекесі
Қыркүйекте Багам аралдарында тропиктік ураган Дорианның болғаны бәрімізге мәлім. Зерттеушілер осыған дейін аралдан тек құстың екі түрін ғана кездестірген болатын. Дауылдан кейін олар із-түссіз жоғалған.
Т. Есқали