- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- 2017 жылдан бастап...
2017 жылдан бастап жасанды қан қолданылады
Адам денсаулығына қауіп төнген кезде оған жылдам қан құю қажет болады. Кейде ұлттық қан орталықтары топтық тәртіптегі қажет қанның құрамын жеткізе алмай қалады. Сондықтан Ұлыбритания ғалымдары жасанды қанды қолдануды ұсынып отыр.
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) басты мәселені шешу мақсатында жасанды қанның алғашқы сынағын 2017 жылдың басына жоспарлап отыр. NHS қан зерттеу орталығының мамандары Бристоль, Оксфорд және Кембридж Университеттерінің ғалымдарымен біріге отырып, адамның қан жасушаларынан тромбоцит элементін бөліп алған. Сосын зертханада оның табиғи құрамын көбейту мүмкіндігін жасаған.
Жоспарланған тәжірибелік сынақта небәрі 5-10 миллиметр жасанды қан адам денесіне құйылмақ. Ал оның денсаулығы дәрігерлер тарапынан бақыланады. Ал қан құрамының өзгеру мүмкіндігі мен жасанды қанның әсері зерттеудің негізгі тәжірибесі болады.
Бұл жобаның мақсаты – әлемдегі әрбір адамға қолжетімді болатын жасанды қан жасап шығару. Себебі соңғы жылдары қан орталықтарының жұмысы аса үлкен қарқынға ие емес. Қан тапсыруға ниет білдіретін еріктілер де азайып кеткен.
Ж. Өрісбай