2017 жыл: Мына 6 ілімді үйреніңіз

Біз жан-жақты дамыған, кеңістігі ақпаратпен толысқан ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кезеңде адам баласына сапалы біліммен қатар ұтқырлық және жылдамдық қажет. Бұл – заманның талабы. Қазір әлеуметтік желі арқылы түрлі сайттан мыңдаған ақпарат алуға, ғылыммен айналысуға мүмкіндік беретін кеңестер алуға болады. 2017 жылдың өзінде сіз біліп, үйренуге тура келетін алты ілім бар. Олар мамандық емес, бірақ қосымша табыс көзіне айналуға болатын, жалпы қажеттілік тудыратын ілім түрлері. 

Веб-дизайн және жобалау 
Жыл сайын ғылым дамып отырады. Оған шек жоқ. Ал веб-дизайн жұмысын басқара білу оны жобалау осы жылдың өзінде үлкен қажеттілік туындатпақ. Өйткені тораптағы жарнамалардың жар салып тұрған шағында сайт ашу, онымен жұмыс істеу үлкен шеберлікті талап етпек. 

Ақпаратқа статистикалық сараптама жасау 

Әлемдік БАҚ бүгінде сарапшылардың көмегіне жүгіну үстінде. Себебі әр салаға ақпарат бере отырып, сараптама жасау – үлкен жұмыс. Оны жасай білу үшін де арнайы білім қажет. Ал бұл білім осы жылдың өзінде сұранысқа ие болары анық. 

Дизайн 

Адам баласын таң қалдырудан жалықпайтын сәннің дәурені жүріп тұрған кезде, киімдерді пішу, үлгісін жасау, сызу дейтін шеберлік сабақтары сізге міндетті түрде керек болады. Себебі қазір бәрі бір-бірінің көшірмесін ғана жасап, аз еңбекпен көп пайданың айналасынан шыға алмай жүр. Ал бұл жылы сіздің жылыңыз болсын десеңіз, табысқа да атаққа да кенелгім келеді десеңіз, қазірден бастап осы ілімге бет бұрыңыз. 

Макияж 

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де мейк-ап кәсібі үлкен жылдамдықпен дамып келеді. Еуропа мен Шығыс таласу үстінде. Себебі біреуі химияның көмегіне жүгіне отырып, тез арада бетке әр беруді, тез арықтатуды үйретіп әлек болып жатса, бірі табиғи өніммен таң қалдырып жүр. Ал осы екі талас ортасынан жол тауып, сұлулық әлеміне еніп кете алсаңыз, сіз жеңімпаз болуға әбден лайықтысыз.

Кәсіпкерлік зерттеу 

Бір елдің тағдыры оның экономикасына байланысты. Сондықтан кәсіптің қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, оған зерттеу жасау, бағаның құнын, өсуі мен түсуін сараптай білу үлкен еңбекті талап етеді. Ал бұл ілімді меңгеріп, қатып қалған шеңбер сыртына шығып, кәсіппен айналысамын десеңіз, осы бағыттағы кітаптарға үңіліңіз, ақпараттарды пайдаланыңыз, игеріңіз. 

Блог жүргізу 

Журналистика саласында үлкен беделге ие болып отырған ілім – блог жазу. Бұл жай ғана пікір емес, жарнама жасау, халықты селт еткізер дүниемен өзіне қарату, қысқа да нұсқа дүниемен ақша табу. Қазірдің өзінде блог жазып, оны дағдыға, кәсіптің бір түріне айналдырып алған қоғам белсенділері қаншама? Бірақ блог жазудың да ережесі бар. Оның білу үшін, меңгеру үшін оқыңыз, ізденіңіз.