2014 жылы ғалымдар көптеген ғылыми жетістікке қол жеткізді. Ендеше өткен жылға қорытынды жасай отырып, халықты таң қалдырған айрықша ашылулармен таныс болайық.
1. Генетикалық әліппе.
Жұмыр жерді мекен етіп жүрген адамдардың белгілі бір генетикалық кодты қолданатыны айғақ. Ол A, T, G және C деген әріптерден құралады. Оның бәрі азоттық негізді білдіреді. Берілген әріптердің әр түрлі қиыстыруы 20 аминқышқылын синтездеп, анықтайды. Скриппс Интституның ғалымдары 2014 жылы бұл әліппеге Y және X әріптерін қосты. Соның арқасында бұрынғыдай 20 емес, 172 синтез қиыстыруын жүргізуге мүмкіншілік туды.
2. Қант диабетінен жазылу.
Бүгінгі таңда бүкіл әлемде қант диабетіне шалдыққан адамдардың саны 350 миллионға жуық. Шамамен оның 10 % I типтегі науқастар. Бұл ауруға көбіне жасөспірімдер шалдығады. Әсіресе 10-15 жастағы балаларда көптеп кездеседі. Қант диабетінің қалай пайда болатыны ғалымдар үшін әлі күнге жұмбақ. Алайда бұл ауру өлімге әкеліп соқтыратыны мәлім. Дегенмен ғылым ілгері дамып, тектік-инженерлік инсулин пайда болды. Ол мыңдаған науқасқа жаңа өмір бастауға себепші болды. Бұл ауруға шалдыққан жандар өздерімен бірге инсулин алып жүруге және күн сайын дәрі жіберуге (инъекция) душар. 2014 жылы Гарвард ғалымдары адамдардың эмбриональды діңгекті жасушаларынан бета-клеткалар өсірді. Өйткені олар адам ағзасында инсулин өндіруге икемді. Алдағы уақытта ғалымдар барлық анализдер мен тәжірибелер жүргізіліп, I типтегі науқастардың жазылып кететіндігіне күмән келтірмейді.
3. Ертеректегі көркем сурет.
Өткен жылы Сулавеси аралында жартасқа салынған ең көне көркем суреттер табылды. Тарихшылар кейбір суреттердің жасы 40 мың жылдан да көп деген ой қорытып отыр. Суреттердің басым көпшілігінде жабайы жануарлар мен трафареттік үлгі бойынша салынған адамдар бейнеленген. Бұл да 2014 жылдың ең үздік жетістіктерінің бірі болып табылады.
4. Басқа планеталардан табылған мұхиттар
Әр түрлі космостық кезеңдердің мақсаты сұйық күйдегі суды өзге ғаламшарлардан ғана емес, серіктерден (спутник) де табу. Ғалымдар ол жөнінде баяғыдан бері бәсекелесіп келе жатыр. Алайда 2014 жылы Cassini аппараты жасаған гравитациялық түсірілімдер барысында Энцелад серігінен 30-40 километр мұз қалыңдығынан тұзды мұхит табылды. Сонымен қатар Сатурнның Титан спутнигінен де мұхит табылғаны туралы мәлім болды. Ғалымдар Энцеладтағы суда басқа планеталық бактериялар болуы мүмкін деген тұжырым жасап отыр.
5. Макраполус құрылғысы
Жастықты сақтайтын құрылғыны ойлап табу ғасырлар бойы ойластырылып келеді. Ертеректе алхимиктер мен философтар бұл жерде басты рөлді басқа ештеңе емес, қан ойнайды деп жорамалдады. Және олардыкі дұрыс болды. 2014 жылы Стэндфорд университетінің ғалымдары «жас» қанның көп нәрсені шешетіндігіне көз жеткізді. Көптеген тәжірибе жүргізіп, жас қанды кәрілерге құйса, есте сақтау қабілеті жоғарылап, оқуға да құлшынысы оянатынын анықтады. Алайда көп нәрсе әлі белгісіз болып отыр.
Сурет: vk.com, lookfordiagnosis.com
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар Марсты зерттеуге тікұшақ дайындайды
Ғалымдар жарық жылдамдығын баяулата алды
2003 жылы жоғалып кеткен ғарыш аппараты Марстан табылды
HoloLens голографиялық көзілдірігі Марсты зерттеуде қолданылмақ