2003 жылдың 25 желтоқсанында Bealge 2 британдық ғарыш аппараты қызыл ғаламшарға қону кезінде жоғалып кеткен болатын. Содан бері ғалымдар модульмен байланыс орната алмаған.
Bealge – Чарльз Дарвиннің саяхатқа шыққан кемесінің атауы. HMS Beagle деп аталған Дарвиннің кемесі Галапагос аралдарын зерттеуге шыққандай, британдық аппарат та Mars Express миссиясының бір модулі еді. Bealge 2 аппараты Марстың атмосферасын, ауа-райын, геологиясы мен минералогиясын зерттеу мақсатында дайындалған болатын.
2003 жылы Mars Express Orbiter зымыраны Марстың беткі қабатына қонуы кезінде жоспар бойынша Beagle 2 модулі бөлініп шығады. Дегенмен оның кейінгі жағдайы ғалымдарға беймәлім болып қалды. Себебі модульдің Марсқа қонуы туралы ресми ақпарат келмеген болатын. Сондықтан 2004 жылдың 6 ақпанында ғалымдар аппараттың жоғалғанын ресми жариялады.
Ғалымдар бұл сәтсіздікке қатысты түрлі пікір білдірген. Атап айтқанда модульдің бөлінуі кезінде парашюттің ашылмай қалуы немесе атмосфераға кіргенде жанып кетуі деген секілді. Кейіннен Марс атмосферасының қысымын анықтауда ғалымдардың адасқаны белгілі болып, миссияның орындалмау себебі ретінде тіркеледі.
NASA ғарыш агенттігінің Mars Reconnaissance Orbiter ғаламшараралық станциясынан түсірілген фотолар жоғалып кеткен аппараттың Марсқа қонғанын дәлелдеді.
«Күн панельдерін толық алып тастамайынша ғарыш аппаратымен байланысқа түсу мүмкіндігі болмайды. Себебі радиоантенна панельдердің жабық нүктесінде орналасқан», — дейді Beagle 2 жоба жетекшілерінің бірі Марк Симс.
Beagle жобасы Кембридж Университетінің ғалымы Колин Пиллингердің жетекшілігімен дайындалған болатын. Оның Марстағы тіршілікті іздеу идеясын толық жеткізуі аталған жобаға инвесторларды тарта алған. Белгілі ғалым 2014 жылдың мамыр айында 70 жасында өмірден озды.
Сурет: hi-news.ru
Оқи отырыңыз:
«Венера-экспресс» ғарыш аппараты жоғалып кетті
26 қаңтарда үлкен астероид Жерге жақын ұшып өтеді
2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар
Астрономдар 8 жаңа экзоғаламшарды тапты
Галактикамызда Жаңа Күн жүйесі қалыптасты