Қатерлі ісік (рак) диогностикасы бойынша америкалық оқушы революциялық жаңалық ашты.
Джек Андраканың осы зерттеумен айналыса бастауы, өз ағасы мен жақын туысының асқазан рагынан көз жұмуы себеп болған екен.
Жасөспірімнің санасындағы «неге?», «бұдан қалай құтылуға болады?» деген сансыз сұрақтар, рак ауруының емделуге дес беретіндей мерзімін анықтаудың тиімді жолын жасауға итермеледі.
Джек 200 зерттеуші ғалымға хат жібереді. Бірақ оған ешбірінен жауап келмейді. Алайда бір адам оған мүмкіндік берді. Ол – Джон Хопкинс атындағы мектептің дәрігері Майтра болды. Ол Джекке сабақтан соң өзінің зертханасында зерттеу жасауға рұқсат берді.
Осылайша Джек сол кездегі сауалнамалардан 168 есе тез, 400 есе дәл, 26000 есе арзан тест ойлап тапты. Жас данышпандарға қолдау көрсететін Intel компаниясы Джекке ғылымдағы революциялық жаңалығы үшін $75,000 сыйақы тағайындады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/RSVjqtOj4oM","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: www.filmnotes.net