Оңтүстік Кореялық компания смартфондар өндірісін іске қосқаннан бері әлемге 100 миллион дана өнімін сатқан екен. Салыстырмалы түрде айта кетсек, оның басты бәсекелесі iPhone осы аралықта бар болғаны 50 миллион девайсын ғана сата алған. Samsung Electronics компаниясының әр жарты жылдағы табысы 8,3 миллиард долларды құрап отыр. Әлемде олар шығарған өнім секундына 500 дана жылдамдықпен сатылады екен.
Одан бөлек, жақында ғана компанияның Exynos су жаңа процессоры таныстырылды. Ал ол өз кезегінде Samsung өнімдерінің барлығын дерлік қамтымақ. Сарапшылардың болжамынша, суперпроцессормен жабдықталған девайстар нарықта үлкен дүмпу туғызбақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: galaxy-droid.ru