@ таңбасын бүгінгі таңда электронды поштаның мекен–жайынан жиі кездестіріп жүрсек те, бұл таңба алғашында мүлдем басқа мақсатта қолданылған. 15-16 ғасырлардың өзінде испан, португал, француз тілдерінде арробу – салмақ өлшемін білдірген ( 1@= 12-13 кг). Кейін бұл белгі қысқа жазуға көмек ретінде қолдануға көшті. Ағылшынша «at» предлогының жылдам жазудағы нұсқасы ретінде бухгалтерлік құжаттарда қолданылып, алғашқы жазу машиналарында ресми түрде пайда болды. Американдық BBN Technology компаниясының зерттеушісі Рей Томплинсон белгіленген компьютерге хат жіберуге мүмкіндік беретін пошталық бағдарламаларды жасаумен айналысқанда осы таңбаны қолданды. Міне, осылай @ таңбасы электронды поштаның символына айналды.
Бір қызығы бұл таңбаны әр елде әр түрлі атайды. Мысалы, ағылшындар, американдықтар, француздар, италиьяндықтар @ таңбасын "ұлу" деп атайды. Африкалықтар, голландықтар, поляктар, немістер "маймыл құйрығы деп атағанды жөн көреді. Ал даниялықтар "пілтұмсығы", норвегиялықтар "доңыз құйрығы", қытайлар "тышқанның баласы", венгрлер болса "құрт" деп атайды. Орыстар бұл таңбаны ескі компьютер ойынына байланысты "ит" деп атап кеткен. Ал орыстардан алыстап кетпеген фин елі - "мысық", шведтер - "даршынды тоқаш нан", израиль елінде - "штрудель", ал чехиялықтар "селедка рольпомсі" деп атайды екен.
Форумда талқылау
Сурет prospectmagazine.co.uk сайтынан алынған