Эйнштейннің жұмбағы
Эйнштейн бұл жұмбақты өткен ғасырда ойлап тапқан болатын. Сөйтіп, ол Жердегі адамдардың 98% бұл есептің жауабын таба алмайды деген болжам жасаған. Ендеше бүгін сол қалған 2% адамның қатарына кіретініңізді не кірмейтініңізді білуге үлкен мүмкіндік туып тұр. Бұл тапсырма тек логикалық қабілетке негізделіп ойластырылған.
1. Бес үй берілген, оның әрқайсысы әр түсті.
2. Әр үйде бір-бірден әр түрлі ұлт өкілдері тұрады.
3. Әр адам тек белгілі бір сусын түрін ішеді, темекісін шегеді және белгілі бір жануарды асырайды.
4. Бұл тұрғындардың ешқайсысы бір-біріне ұқсайтын сусынды ішпейді, темекісін шекпейді, хайуанды асырамайды.
Сұрақ: Осылардың ішінде қай тұрғын балық асырайды?
Жеңілдіктер:
• Ағылшын қызыл түсті үйде тұрады;
• Швед ит асырайды;
• Дат шай ішеді;
• Жасыл түсті үй ақ үйдің сол жақ бетінде орналасқан (бұл екі үй бір-бірінің қасында орналасқан, басқа жағдайда есептің жауабы екеу болып шығады);
• Жасыл түсті үйдің тұрғыны кофе ішеді;
• Pall Mall маркалы темекіні шегетін азамат үйінде құс ұстайды;
• Ортадағы үйдің тұрғыны сүт ішеді;
• Сары түсті үйдің азаматы Dunhill темекісін шегеді;
• Норвег азаматы бірінші үйде тұрады;
• Marlboro темекісін шегетін тұрғын үйінде мысық асырайды;
• Жылқы ұстайдын кісі Dunhill темекісін шегетін тұрғынның аймағында тұрады;
• Winfield темекісін шегетін тұрғын сыра ішеді;
• Норвег көк түсті үйдің аймағында тұрады;
• Неміс Rothmans темекісін тартады;
• Marlboro темекісін шегетін азамат су ішетін кісімен көршілес тұрады;
Осы жеңілдіктердің барлығы сіздің бұл сұраққа жауап беруіңізге жеткілікті.
***
Лев Толстойдың жұмбағы
Сатушы бас киім дүкенінде жұмыс істейді. Бас киім 10 рубль тұрады. Дүкенге бір сатушы келіп, ұнатқан бас киімін сатып алуды ұйғарады, алайда оның қолында тек 25 рубльдік ақша болады. Сатушы бірге жұмыс жасайтын көмекшісін ақшаны ұсақтатуға жібереді. Ақшаны ұсақтап алып келген жігіт сатушыға 10+10+5 рубльден қолына ұстатады. Біршама уақыт өткен соң ақшаны уақтап берген адам сатушыға келіп, ақшаның жалған екенін айтады. Сөйтіп сатушы оған тиісті ақшасын қайтарып беруге мәжбүр болады.
Сұрақ: Сатушы қаншалықты алданып қалды?
***
Суретшінің шашының түсі
Мейрамханада үш жолдас жігіт бас қосып отыр: мүсінші Ақбай, домбырашы Қарақұл және суретші Жиренбек. Қара шаштысы: «Барлығымыздың шашымыздың түсі ақ, қара, жирен түсті болғаны қандай тамаша. Ешқайсымыздікі де тегімізге сәйкес келмейді екен» деп әңгіме бастайды. «Айтқаныңмен толық қосыламын», - деп сөзді Ақбай қағып алады.
Сұрақ: Суретшінің шашының түсі қандай?