• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Шымбергеновтің жекпе-жегінде күтпеген нәтиже тіркелді

Шымбергеновтің жекпе-жегінде күтпеген нәтиже тіркелді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшылар Махмұт Сабырхан мен Асыланбек Шымбергенов "Елорда кубогі" финалына жекпе-жексіз өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

57 келіде өнер көрсететін Махмұт жартылай финалда өзге қазақстандық Асылжан Серікбаймен айқасу керек болған, ал 71 келідегі Шымбергенов қазақстандық дербиде Темірхан Тезекпен қолғап түйістіруі тиіс еді. Алайда қарсыластар жекпе-жектен бас тартып, Махмұт пен Асыланбек финалға өтіп отыр. 

Шымбергенов бокстан Қазақстан құрамасының капитаны екенін айта кетейік. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Manas
Logotype Massaget