Португалдық футболшы Криштиану Роналду «Реал» тарихындағы үздік 5 сұрмергеннің қатарына енді. Испания Ла-Лигасының 11 тур ойындарынан кейін Роналду «корольдік клуб» сапындағы 158 голын соғып, әйгілі сұрмерген Ференц Пушкаштан (156 гол) басып озды. Бұл кездесуде жартылай қорғаушы хет-трик авторы атанды. Ал «Реал» «Севильядан» 7:3 есебімен басым түсті.
«Реал» тарихындағы үздік сұрмергендер:
1. Рауль – 228 гол
2. Ди Стефано – 216 гол
3. Сантильяна – 186 гол
4. Уго Санчес – 164 гол
5. Криштиану Роналду – 158 гол
6. Ференц Пушкаш – 156 гол
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
О. Сансызбай