• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Футзалдан ұлттық құраманың Еуропа чемпионатындағы ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

Футзалдан ұлттық құраманың Еуропа чемпионатындағы ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
Фото: Kazfootball

Қазақстандық спортсүйер қауым футзалдан Еуропа чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады. Ойындарды "Хабар" арнасы көрермендер назарына ұсынады.

Футзалдан Еуропа чемпионаты 30-қаңтар мен 10-қпан аралығында Словения елінің астанасы Люблянада өтеді. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы "В" тобына түскен. Ресей және Польша құрамаларына қарсы ойнайды. Топтан плей-офф кезеңіне екі команда шығады.

Тікелей эфир кестесі:

1 ақпан. Польша - Қазақстан (трансляция Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады)
3 ақпан. Ресей - Қазақстан (23:00)

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербия астанасы Белградта өткен Еуропа чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.  

О. Сансызбай
Logotype Massaget