Лорси (Бразилия)
Бұл Бразилияда болған оқиға.
Нөсерлі дауыл үдеп тұрған бір түні қиыр шеттегі ауылдағы бір әйел толғатып жатты, бірақ, оның жан жары түрмеде еді, жанында тек 5 жастағы қаршадай ұлы ғана бар еді. Қиын-қыстау сәтте, әйел амалсыз сақшыға телефон соғады. Қатты нөсердің салдарынан лайлы тасқын жүргендіктен, құтқару көлігі мен құтқарушы қызметкерлер осы маңда жүрген болатын. Кезекшілікте қалған сақшы қызметкері амалсыз жергілікті қызмет ету қоғамдық ұйымы бастығының үйіне телефон соғып, осы оқиғаға сәйкес көмектесуін сұрайды.
Әлгі бастық қолма-қол мақұлдық беріп, әйелді ауруханаға жеткізіп салады. Әйел аман-сау босанады. Бастықтың сонда барып, ауыр аяқ әйелдің үйінде қалып қойған ұлды міндетті түрде алып келу керектігі есіне түседі. Сонымен қолфонымен қоғамдық ұйымдағы қызмет белсенділігі ең нашар әрі ең соңында қалып қойған қызметтесіне қоңырау шалып, баланы ол арадан алып шығуын тапсырады.
Әлгі «шабан» қызметкер желкесінен тартып, зорға дегенде көлігін жүргізіп жолға шығады. Ол біресе нашар ауа райын қарғап, кейіп, біресе ысқыра отырып, біраз уақыттан соң әлгі баланың үйіне зорға жетеді де, баланы көлігіне көтеріп отырғызады.
Қаршадай ұл бала көлікке шыққан соң, өзін алып кетуге келген «шабан» қызметкерден екі көзін алмайды. Аз-кем уақыт өткен соң, оқыс тіл қатып:
- Мырза, сіз «Құдайсыз» ба? - деп сұрайды. Мұндай тосын сұраудан аңырып қалған әлгі қызметкер «Бұл бала шошынып, ес-ақылынан адасып қалған болып жүрмесін» деп ойлап, аузындағы сағызын түкіріп тастап:
- Не үшін бұлай дейсің?- дейді тұтыға тіл қатып.
Қаршадай бала:
- Шешем үйден кетерде маған: "Қорықпай үйде бол. Мынадай сәтте бізге Тәңірден өзге ешкім де жәрдем бере алмайды" деген болатын,- дейді. Әлгі қызметкер баланың бұл сөзін естіген соң ұяттан жүзі қызарып, бір қолымен баланың басынан сипап, мейірлене тіл қатты:
- Мен Құдай емеспін, досыңмын!
Ол бұрын-соңды өзгелердің өзін «Құдай» деп ойлайтынын қиялдап та көрмеген еді. Ол кенеттен баланың риясыз жанарынан өзінің жүрек түкпіріндегі ізгілік шырағы тұтанғандай сезінді.
Аударған: Қ.Жұмашұлы
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: cajo.com.au