- Негізгі бет
- Жаднама
- Зейінді адамның басты...
Зейінді адамның басты артықшылығы – салмақтылығы
Зейінді адамның басты артықшылығы қандай деп ойлайсыз? Бұл сұраққа біз жауап беріп көрдік. Сіз де өз ой-орамыңызбен жалғастырып көріңіз.
1. Өзінен зейінді адамның пікірін ықыласпен тыңдайды.
2. Біреу сөйлеп тұрғанда сөзін бөлмейді.
3. Сауал бергенде тақырыптан ауа жайылмайды, жауабы логикаға сыйымды болады.
4. Ойланып барып жауап береді.
5. Істеген ісі жұмыстың ауыр-жеңіліне, тығыз-таяңдығына сәйкесіп жатады.
6. Білмейтінін білмеймін дейді.
7. Дәл сипатты, ақиқатты өмір бойы құрмет тұтып отырады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: 163.com
M. Auelkhan