- Негізгі бет
- Жаднама
- Зейгарник эффектісі: Неліктен...
Зейгарник эффектісі: Неліктен аяқталмаған істер есте жақсырақ сақталады?
Бір істі аяқтамай тастасаңыз, ұзақ уақыт бойы ол есіңізден кетпейді. Ал кеше ғана сәтті аяқтаған ісіңізді еске түсіре алмайсыз. Осылайша, Зейгарник эффектісі пайда болады. Бұл аяқталмаған істер ұзаққа дейін есте қалатын психолоигялық феномен.
Зейгарник эффектісі қалай ашылды?
Кеңестік психолог Блюма Зейгарник алғаш рет 1927 жылы бұл қызық әсерді веналық даяшыны бақылап отырып тапқан. Ол даяшылардың әлі түскі асқа ақша төлемеген немесе тамағы әлі берілмеген үстелдердің тапсырыстарын жақсырақ жаттайтынын айтқан. Ал аяқталған тапсырыстарды бірден ұмытып қалған.
Сондықан психолог бұл құбылыстың қаншалықты тарағанын түсіну мақсатында бірнеше тәжірибе жүргізуді шешеді.
Ол қатысушылардан 18-22 қиын емес нәрелер орындауын сұрайды. Мысалы: балшықтан пішін жасау, басқатырғыш жинау, математикалық есептер шығару. Тапсырмалардың жартысын аяқтатпай тоқтатып тастайды, ал қалғандарын соңына дейін жеткізеді. Сондай-ақ қатысушыларға ұсынылған тапсырмаға алдыңғылары аяқталмаған болса да көшулеріне рұқсат беріледі.
Содан соң психолог тәжірибеге қатысқандардан қандай тапсырмалар орындағанын сұрайды. Нәтижесі оның зерттеуін растады: 90 % қатысушылар үзіп тастаған және аяқтамаған тапсырмаларын ғана еске түсірді.
Бұл ересектерге де, балаларға да қатысты. Балалар соңына дейін аяқтамаған істерін екі есе жақсы жаттаған.
Зейгарник эффектісі әркез пайдалы ма?
Зейгарник эффектісіне аксиомаға секілді сенудің қажеті жоқ. Кей адамдар аяқталмаған істерді оңай ұмытып кете салады және одан ыңғайсыздық сезінбейді. Зейгарник оған істің үзіліп қалуы ғана емес, сондай-ақ адамның бастапқы мотивациясы, оның шаршау деңгейі және тапсырманың қиындығы да әсер ететінін айтқан. Мысалы, егер басынан тапсырманы орындауға қалауы болмаса, адам оны ұмыта салады.
Зейгарник эффектісі қай жерде қолданылады?
Бұл эффектті өнерде, әдебиетте, жарнамада қолданады. Мысалы, Чарльз Диккенстің «Оливер Твисттің оқиғасы» шығармасын біз роман түрінде көріп үйренгенбіз, бірақ ол Bentley’s Miscellany әдеби журналында бөлім бойынша шығарылды. Бұл аудитория қызығушылығын ұстап тұруға және кітапты есте қалатындай етуге көмектесті.
Сондай-ақ Зейгарник эффектісі кинематографияда кең қолданылады. Бұл эффектті фильм, кітап және шаралар анонстарында жиі пайдаланады. Сериалдардың да қызықты жеріне келгенде бітіп қалуы да осыған байланысты.
«Толығырақ білу», «Жалғасы мына жақта» деген сілтемелер де осы эффект негізінде жасалған. Әдетте, мәтін ең қызық жеріне келгенде үзіліп кетеді. Бұл ойды аяқтау үшін және не оқып жатқаныңызды түсіну үшін сілтеме бойынша өтуге мәжбүрлейді.
Бұл эффекттен пайда алуға бола ма?
Егер бұл эффектке бейім болсаңыз, оның пайда әкеле алатынын білгеніңіз жөн. Мысалы, жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде.
Зейгарник эффекті бойынша, жұмыс кезіндегі үзілістер біздің ақпаратты есте сақтау қабілетімізді арттырады. Ол үшін үзілістерді жоспарлап, мүлдем басқа нәрсемен айналыса тұру керек: кітап оқу, жүріп келу, музыка тыңдау.
Айтпақшы, 2011 жылы американдық ғалымдар жүргізген зерттеу жұмыста басқа нәрсемен айналысу үшін 5 минуттан бір сағатқа дейін үзіліс жасайтын адамдар алаңдамауды қалайтындарға қарағанда, әдетте, зейін қоюын жақсы сақтағанын көрсетті.
А. Жапатова