Зат сатып аларда не себепті 10 секунд байыз табу керек?

Зат сатып аларда не себепті 10 секунд байыз табу керек?
Фото: shutterstock.com

Дүкен сөресінде адамды қызықтырып, оны еш себепсіз сол сәтте сатып алуға шақырып, менмұндалап тұратын тауарлар жетерлік. Әркімнің осындай "осал" тұсы болуы мүмкін. Мұндайда артық шығынның алдын алу үшін көзге оттай басылған тауарды көргенде 10 секунд ештеңе ойламай, эмоцияны ысырып байыз табу керек. Бұл заттың сізге керек екенін түсінуге, импульстың басылуына осынша уақыт жеткілікті екен. Адамның тауарға деген тәбеті аяқасты ашылып кеткенде осы тәсілді қолданып тұрған жөн екен. 

Ретейлердің көбі сатып алушылардың тауарға деген эмоциясын жиі пайдаланады. Олар бағаның тиімді екенін ірі шрифтімен жазып қояды, акциямен сатылып жатқан тауарларды көзге көрінетін жерге қойып қояды. Сөйтіп адамды артық саудаға итермелейді. Көбіне акциядағы тауарлар шын мәнінде тиімді бола бермейді.

Адамдардың осындай импульсив саудасына акциямен қатар әдемі орам, тауардың орналасқан жері, бағасы да әсер етеді.

Massaget.kz