Аптап ыстықта көп су ішуді, бас киім киюді және күннен қорғайтын крем жағуды білетін боларсыз?! Ал не істеуге болмайтынын білесіз бе?
Жеміс шырындарын ішпеңіз
Құрамында қанты көп шырындар ағзаны су секілді толтырмайды. Жеміс шырындары мен тәтті газдалған сусындар шөлді қандырмайды. Ал егер артық салмақпен күресіп жүрген болсаңыз, олардан мүлдем бас тартыңыз.
Өте салқын сусындар ішпеңіз
Ыстықта өте салқын сусындар ішпеген жөн, себебі ол мұрын қуысын қатырып тастауы мүмкін. Мұндай сусындар ішу арқылы салқындағыңыз келгенмен, өте салқын сусындар оған көмектепейді. Оның орнына кондиционер немесе вентилятордың жанында көбірек болып, құрамында қанты жоқ және бөлме температурасындағы немесе одан сәл салқындау су ішіңіз.
Суық душқа түспеңіз
Суық душқа түспеген жөн. Суық емес, салқындау душ барлық жүйеге азырақ күш түсіреді және ағзаны күйзелістен қорғайды.
Тар киім кимеңіз
Өте тар киім лимфа айналымына кедергі келтіреді және табиғи қозғалғыштықты бұзады. Ыстықта ол ағзаға түсетін жүкті арттырады, соның ішінде қаңқа, қан тамырлар, жүйке ұштары және тіпті, тері механикалық зақымнан да, көбейіп жатқан бактерия мөлшерінен де қиналуы мүмкін. Денеге бос тұратын және табиғи материалдардан тігілген киім киіңіз. Жоғары температураларда өзіңізді жайлы сезінуге көмектесетін мата түрлерін мына жерден оқи аласыз.
Қарқынды жұмыспен айналыспаңыз
Ыстықта ауыр шаруамен айналыспаңыз. Ондай шаруаларды мүмкіндік болса, кешке қалдырыңыз. Сондай-ақ ыстықта жүгіру қауіпті болуы мүмкін. Сол секілді ыстықта кез келген физикалық белсенділікпен айналыспаған дұрыс. Жоғары температуралар сусыздануға әкеліп, күн тиюі қаупін арттырады.
Алкоголь ішпеңіз
Градусы жоғары спиртті сусындардан аулақ болыңыз. Оның денсаулыққа зияны белгілі. Сондай-ақ аздап мас болудың өзі ыстықта сақтау керек ережелерді елемеуге әкеліп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.