- Негізгі бет
- Жаднама
- Ыстыққа төзе алмайтындарға...
Ыстыққа төзе алмайтындарға арналған кеңес
Ыстық – жаз айының кемшіл тұсы. Кей адамдардың ыстыққа аллергиясы бар, кейбірі шөлдеп, жаз мінезін көтере алмай жатады. Оларға мынадай кеңес бергіміз келеді.
1. Салқын су ішпеңіз
Суық су шөлді қандырмайды. Ол тура бес минуттан кейін термен бірге ағзадағы тұзды алып шығып кетеді. Одан да шай немесе тәттілігі аз квас ішкен абзал. Ал тәтті газдалған сусындарды қанша ішсеңіз, сонша шөлдейсіз. Осыны естен шығармаңыз.
2. Ыстық күнде оқыс әрекет жасамаңыз
Егер күн ыстық кезде далаға шықсаңыз, баяу жүріңіз. Көшенің көлеңке бетімен асықпай жүрген дұрыс. Ыстық күндегі серуеннен кейін міндетті түрле өкшеңізді суық сумен жуыңыз. Өйткені, ыстық күнде өкшеде биологиялық белсенді нүктелер көбейеді. Оларға бір кезек демалыс беру керек. Себебі, осы нүктелер табанды ыстықтан қорғайды.
3. Салқын шай
Көк шайды қайнатыңыз. Ол суығанда, аздап мұз қосыңыз. Қалауыңызша лимон не жалбыз, бал қоссаңыз да болады. Дәмді әрі пайдалы сусын жасалады, оған қоса шөл қандырады.
4. Салқын бөкебай
Жапон мәдениетінде жаз айларында адамдар мойнына ақ шүберек байлап жүреді. Ақ орамалды суық суға батырып, жаймен сығып, мойныңызға байлайсыз. Орамал кепкенде, суға қайта малыңыз. Жаздыкүні аптапта жақсы көмектеседі.
5. Аз ұйықтау
Жазды күні аптапта, соның ішінде үйдің іші ыстық болса, адамның берекесі қашады. Ұйқы қанбай жүреді, мұндай уақытта ұйқыны белгілі бір бөліктерге бөлген дұрыс. Кеш түскен кезде, түс ауған кезде деген секілді бөліп-бөліп алған жөн. Ыстықта көп ұйықтауға да болмайды. Сол үшін сергек жүрген дұрыс.
Г. Берік