Көре алмаушылық сезімі адамдарды ойланбастан әрекет етуге итермелейді, ал оның салдары өмірге жағымсыз әсер етеді. Қандай да бір адамның сізді көре алмайтынын қалай білуге болады?
Ол сіздің жетістіктеріңізді құнсыздандырады
Жетістігіңізді көре алмайтын адам ол туралы сізге мойындай алмайды. Сондықтан біреулер жетістігіңізді елемеуге тырысады, алайда еңбегіңізбен жеткен жетістікті құнсыздандыратындар да бар. Мысалы, олар сіздің жай жолыңыз болғанын айтады.
Сізді ренжітетін қошемет сөздер айтады
Көре алмайтын адамдар да қошемет сөздер айтады. Алайда, әдетте, олар ренжіткіш және орынсыз келеді. Мысалы, жақында көлік сатып алсаңыз, көре алмайтын адам сізді құттықтайды, бірақ көлік моделінің ескі және түсінің біртүрлі екенін айтуы мүмкін.
Сізбен бірге қуанышыңызды бөліскісі келмейді
Егер досыңыз сіз ұйымдастырған кешке немесе қуанышты жаңалығыңызбен бөліскіңіз келетін кездесулерге ешқашан келмесе, бұл оның сізді көре алмағандығынан болуы мүмкін. Алайда оның себебі сіз де оның өміріне бей-жай қарауыңыз болуы мүмкін.
Сізге еліктейді
Танысының жетістіктерін көре алмайтын адамдар санасыз түрде оның мінез-құлқын және өмір салтын қайталауға тырысады. Кейде ол еліктеуге беріліп кететіні соншалық, оның әрекеті анық және тіпті, күлкілі екенін де аңғармайды.
Сені ыңғайсыз сұрақтарға жауап беруге мәжбүрлейді
Адамның сені көре алмайтынының тағы бір белгісі – оның сізге ыңғайсыз сұрақтар қоюы. Сіздің жетістігіңіз оған ыңғайсыздық тудыратындықтан, ол сіз туралы жаман нәрсе білгісі келеді. Оған қоса, ол сіз ыңғайсыз сұраққа жауап беру арқылы өзіңізді сенімсіз сезінетініңізді түсінеді.
Нашар кеңестер береді
Ол сізге орынсыз кеңестер беріп, сізді қауіпті әрекетке итермелеуі мүмкін. Қақпанға түсіп қалмас үшін басқа адамдарға жеке шекараңыз жайлы анық айтып үйренуіңіз керек.
Жетістігіңіз жайлы айтып жатқанда сөзіңізді бөле береді
Көре алмайтын адамдарды біріктіретін тағы бір нәрсе – олардың таныстарының жетістіктері жайлы естігісі келмеуі. Егер сіз жағымды бірдеңе айтып жатқан кезде танысыңыз сөзіңізді бөліп, тақырыпты ауыстырғысы келетінін байқасаңыз, ол өзінің көре алмаушылығымен күресіп жүрген болуы мүмкін.
Алайда мақтаншақтықты көпшілік жоғары бағаламайтынын ұмытпау қажет. Сондықтан ұстамды болуға тырысыңыз.