Рекрутерлер күніне ондаған, тіпті кейде жүздеген түйіндеме қарайды. Оның әрқайсын есте сақтап қалу оңай емес. Бірақ, ерекше форматта, шын ықыласпен жасалған түйіндемені ұмыту қиын. Hurma System рекрутинг және HR жүйесі ең ерекше түйіндемелерді топтастырған екен.
Сурет-түйіндеме
Түйіндеме тек ұзын мәтін мен бұрынғы жұмыс орындарының тізбегі деп кім айтты? Өзіңізді суретпен де таныстыруға болады. Суретші-иллюстратор қызметіне үміткер дәл солай істеген.
Сөйлейтін түйіндеме
Бір қарағанда бұл – қарапайым қағаз түйіндеме. Бірақ оны төңкерсеңіз, кандидаттың суретін, смартфон қоятын орын мен QR-кодты көруге болады. Кандидатпен танысу үшін, QR-кодты сканерлеп, смартфонды арнайы слотқа қою керек. Нәтижесінде видеода кандидат өзі туралы айтып береді.
Контекст жарнама түріндегі түйіндеме
Контекст жарнаманы қолданған Нью-Йорк тұрғыны жұмыс берушіні осылай таңғалдырғысы келген екен. Себебі ол жарнама агенттігінде жұмыс істегісі келеді. Оның түйіндемесін көру үшін Google-дың іздеу жолғына аты-жөнін жазу керек. Сонда "Өз-өзіңді гугілдету қызық нәрсе. Мені жұмысқа қабылдасаңыз да қызық болады" деген контекст жарнама шыға келеді де, артынша түйіндеме сілтемесін көруге болады.
Instagram-парақшадағы түйіндеме
Carrot креатив агенттігінде копирайтер болып жұмыс істегісі келген кандидат стандарт түйіндемені Instagram-парақша арқылы ұсыныпты. Ол парақшаны өзінің ресми хатындағы алғашқы сөйлемге сай "dear. carrot. people" деп атаған екен. Одан бөлек жеке сайтына сілтемесін де қосып қойған екен.
Видеотүйіндеме
Вакансиядағы жұмыс түрі креативті талап етпесе де, кейбір кандидат өзгелерден ерекшеленгісі келіп тұрады. Мысалы мына қыз – аудармашы. Ол 2 минут ішінде өзін визуал эффектілер көмегімен таныстырып шыққан.
Мобильді қосымша түріндегі түйіндеме
Android жүйесіне мобильді қосымшалар жасайтын кандидат, өз қабілетін жазбаша ғана емес, сандық форматта да көрсеткен екен. Рекрутер ол туралы мынадай үш бөлімге кіріп ақпарат ала алады: "Жұмыс тәжірибесі", "Портфолио", "Қабілет", сондай-ақ қосымшадан қоңырау шалып, хат жіберуге болады.