- Негізгі бет
- Жаднама
- Велосипедтің жұмыстағы сәттілікке...
Велосипедтің жұмыстағы сәттілікке әсері
Британдық ғалымдар велосипед тепкен адамның жұмысқа деген ынтасы жоғарылайтынын айтқан. Мұндай шешім 2500 әуесқой велосипедшіден алынған сауалнама қорытындысынан шықты.
Сауалнамаға қатысқан 89% қатысушы велосипедпен серуенге шыққан кезде жұмысқа қатысты барлық мәселені ұмытып, үйге жоғары көңіл-күймен қайтатындығын айтқан. Сұралған қатысушының 66%-ы велосипед тепкен уақытта жақынымен қарым-қатынасы жақсаратындығын сөз еткен. Ал 39%-ы велосипед спортымен айналысу барысында денеде қосымша күш пайда болады деген.
82% қатысушы күйзелуді төмендетудің ең тиімді жолы – велосипед тебу деп есептейді. Сұралғандардың 33%-ы велосипедтің өнімділікке қатты әсері барын айтады. Таза ауада велосипед арқылы серуендеудің тың идеялар мен жақсы ойлар әкелетіні белгілі. Ал ол болса, жұмыстың өнімділігін арттырады. 15% адам велосипедті мансапқа жетудің бірден-бір жолы деп ұғады.
Мамандардың сөзіне қарасақ, велосипед – фитнеспен күн сайын айналысудың оңтайлы әдісі. Сондықтан, велосипед бойға қуат, жанға тыныштық, жұмысқа өнімділік, көңілге сергектік сыйлайды.
Оқи отырыңыз:
Күннен қуат алатын велосипед (видео)
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Велосипед
Велосипед бөлшектерінен өмірге келген иттер
Дайындаған: Жұлдыз Телемісова
Н. Нұрмаханұлы