- Негізгі бет
- Жаднама
- Ұйықтар алдында уақытқа...
Ұйықтар алдында уақытқа қарамаңыз
Ұйқы күні бойы сергек жүрудің бірден-бір кепілі. Қалыпты ұйқыдан қалып қоймас үшін, кей әдеттерден бас тартуға тура келеді. Соның бірі – жатар алдында сағатқа қарайлау екен. Бұл жайында ұйқы маманы Карлеара Вейсстің пікірі Well and Good басылымында жарияланды.
Зерттеуші маман пікіріне сүйенетін болсақ, жатар алдында уақытты жиі қарайтын, сағатқа қайта-қайта үңілетін жандардың ұйқысы жиі бұзылады екен. Оған екі фактор әсер ететін көрінеді. Біріншісі – уақыттың өтуі мазасыздық шақырады. Аз ұйықтайтын болдым деген ой адамды мазалайды. Екіншіден уақытты білу үшін шамды қосу немесе телефон экранына қарау керек, бұл ұйқының реттелуіне қатысатын мелатонин гормонының бөлінуін бұзады.
Біз жатар алдында уақытқа жиі қарайтын жандарды бақыладық. Тіпті, кейбірі бір уақытта оянып күн сайын сағатқа қарауды әдетке де айналдырған. Уақытты жиі қарау айтарлықтай ұйқының бұзылуына әсер етеді» - дейді Карлеара Вейсс.
Маман ұйықтар алдында телефонды теріс қаратып қою және көп пайдаланбауға кеңес береді. Ал жатын бөлмеде сағат болмағаны, тіпті жақсы деген пікірде. Уақытқа жиі қарау әдетін дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар және медитациямен алмастыруды дұрыс деп санайды.
Н. Үсенова